Інжіл
From Wikipedia, the free encyclopedia
Інжіл (араб.: إنجيل - инджил, орыс. Евангелие) – ислам діні бойынша Евангелиені көрсетеді, негізінен жаңа өсиетті көзде тұтады. Христиан діні бойынша Ғайса пайғамбардың іс-іздері мен тәлімі Киелі кітапта айтылған. Нақты тұрғыда, Киелі кітапты, яғни Інжілді І ғасырлар айналасында Рим империясы крестке шегелеген Ғайсаның шәкірттері жазып қалдырған. Ал, Ислам діні бойынша Құдай аспаннан Забур, Тәурат, Інжіл және Құран кітаптарын іркес-тіркес түсірген. Інжіл де кейін күші жойылған Құдайдың кітабы.
Ислам діні бойынша, Інжілдің Құдай тарапынан келгені шындық болғанымен, оны соңғы пайғамбар келіп, Хазіретті Мұхаммедке (Аллаһтың Оған игілігі мен сәлемі болсын) 7 ғасырда Құран Кәрімнің түсуімен оған дейінгі кітаптар мансұқталған болып саналады.[1][2]