Аза намазы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аза намазы, кейде Жаназа намазы - жуылып тазаланған мәйіт үшін ислам дінін ұстанушылардың дәрет алып, құбыла жаққа қарап, аяқта тұрып оқыған намазы мен мәйіт үшін жасайтын дұғасы.
Аза намазы - кифая парыз. Яғни, бір айтақта бірнеше мұсылман жаназа намазын оқыса жетіп жатыр. Егер оқымаса, барлығы бірге жауапкер және күнәлі.
Ислам бойынша,аза намазының шарты - ниет. Бұл ниетте мәйіттің ер немесе әйел, ер бала немесе қыз бала екені білдіріледі. Имам Аллаһ ризалығы үшін жаназа намазын оқуға және сол мәйітке дұға етуге ниет етіп, «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алып, намазды бастайды. Жамағат та ниет етіп, имамға ұйиды.
Мәйіт еркек болса - «Мына ер үшін», әйел болса - «Мына әйел үшін» деп ниет етеді. Балалар үшін де осы түрде ниет етеді. Жамағаттан бір адам мұны біле алмаса, имаммен бірге намаз оқуға ниет қылады.