Азов теңізі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Азов теңізі, Азыу теңізі (ежелгі Сурож теңізі) — Қырым түбегінің шығысына орналасқан теңіз. Атлант мұхиты алабының ішкі теңізіне жатады. Керч бұғазы арқылы Қара теңізбен байланысады. Азов теңізі — дүние жүзі мұхит теңіздерінің ішіндегі ең шағыны әрі таязы. Ауданы — 39 мың км2. Орташа тереңдігі — 8 метр, ең терең жері — 15 метр. Айдыны 320 мың км3. Жағасы аз тілімделген. Ірі шығанақтары: Таганрог, Сиваш. Дон және Қобан өзендері теңізге жылына көлемінің 1/5-не жуық тұщы су құяды. Сондықтан тұздылығы төмен. Азов теңізінің беткі қабатындағы судың температурасы жағалауға жақын бөлігінде 30o-31oС-қа дейін, орта тұсында 25o-26oС-қа көтеріледі. Қыста теңіз 2-3 ай қатып жатады. Таяз болғандықтан суы жақсы араласады, температура мен тұздылығы беткі қабатынан түбіне дейін біркелкі, оттегі мол. Судың барлық қабаты тіршілікке бай. Азов теңізінде балықтың 80-ге тарта түрі бар. Одан тюлька, көксерке, хамса, табан көп ауланады. Теңіздің транспорттық маңызы бар. Азов теңізі Еділ-Дон каналы арқылы Каспий, Балтық және Ақ теңіздерімен жалғасады. Басты порттары: Мариуполь, Таганрог, Ейск, Бердянск.
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Remove ads
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads