Аймақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аймақ (түркі, Моңғол, тұңғыс-манчжур тілдерінде аумақ, округ, облыс, ел, халық деген ұғымдарды білдіреді), жалпылама мағынада өлке, облыс, мекен-жай, төңірек, айнала ұғымдарының, геологияда және саяси географияда “регион”, физикалық географияда ел, аудан сөзінің баламасы ретінде қолданылады.
Моңғол Халық Республикасында ең ірі әкімшілік бөлініс, Ресей Федерациясында өз кезінде Тыва, Бурят, Алтай Республикаларындағы әкімшілік бірліктері де осылай аталған. Аймақ сөзі алғашқыда — “ру”, “тайпа”, “тайпалық одақ”, “саяси бірлік” ұғымдары түрінде пайдаланылған.
Аймақ (Зона; region, zone) — тапсырмаға немесе жүйелік есепке, басқа тапсырмалар мен мәселелерден тәуелсіз, қажетті мөлшерде біртіндеп бөлінетін компьютердің негізгі жадының аймағы; ондық цифрдың кодына берілген аймақ — жарты байт; магниттік немесе оптикалық дискідегі көршілес жолдар тобы (band).