![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d1/Andaman_and_Nicobar_Islands_in_India.png/640px-Andaman_and_Nicobar_Islands_in_India.png&w=640&q=50)
Андаман аралдары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Андаман аралдары — Бенгал шығанағы мен Андаман теңізі арасында жатқан Үнді мұхитындағы аралдар тізбегі. Үндістанның иелігінде. Аралдардың жалпы Аумағы 6,5 мың км². А. а. түбек тәрізді су асты жоталарының биік шоқылары іспетті. Аралдардың айналасын маржан рифтері қоршаған. Жер үсті бедері жанартаулар әрекетінен тілімденген. Оның ең биік жері — Саул-Пик шоқысы (732 м). Жоталардың шығыс беткейлерінің етегі тымық қойнауларға (бухтаға) айналған. Климаты тропиктік муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 40С-ға дейін төмендейді, жазда (шілдеде) ол 260С-ға дейін жоғарылайды. Ауа өте ылғалды, жауын-шашынның орташа мөлш. 2000 мм. Аралдардың көпшілігін тропикті ормандар алып жатыр.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/80/Andaman.jpg/640px-Andaman.jpg)
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c2/Andamanese_comparative_distribution.png/640px-Andamanese_comparative_distribution.png)
Андаман аралдары ағылш. Andaman Islands | |
![]() | |
Андаман аралдарының орналасуы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Аралдар саны | 204 |
Ірі аралы | Орташа Андаман |
Жалпы ауданы | 6408 км² |
Ең биік нүктесі | 738 м |
Тұрғындар (2011 жыл) | 343 125 адам |
Халық тығыздығы | 53,546 адам/км² |
Орналасуы | |
12°30′ с. е. 92°45′ ш. б.12.500° с. е. 92.750° ш. б. / 12.500; 92.750 (G) (O) (Я) (T) | |
Ел | ![]() |
Аймақ | Андаман және Никобар аралдары |
![]() |
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/02/Andaman_nicobar_76.jpg/640px-Andaman_nicobar_76.jpg)
Жергілікті халықтар ішінде Жарауа мен Сентинелдіктер кіреді. Кей аралдарына баруға болады, бірақ басқаларына, мысалы Солтүстік Сентинел аралына, заң бойынша баруға рұқсат жоқ. Осылайша мемлекет олардың жеке өмірін қорғауда[1].
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a9/The_Andaman_Islands_in_the_Bay_of_Bengal_were_said_to_be_inhabited_by_wolf-headed_people.jpg/640px-The_Andaman_Islands_in_the_Bay_of_Bengal_were_said_to_be_inhabited_by_wolf-headed_people.jpg)
Демографиясы
2011 жылға сәйкес Андаман халық саны 343,125 болып,[2] 1960 жылға қарағанда 50,000-нан өскен. Халқының басым бөлігінің шығу тегі — отарлау дәуірінің иммигранттары, көпшілігі бенгалдықтар, үндістер мен тамилдерден тараған.[3]
- Andaman & Nicobar. A&N Administration. Тексерілді, 13 ақпан 2017.
- Andaman & Nicobar Islands. india.gov.in. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 маусым 2010. Тексерілді, 3 шілде 2010.
- Andaman & Nicobar Islands at a glance. Andamandt.nic.in. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 желтоқсан 2011. Тексерілді, 14 мамыр 2010.