Астар (intimus)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Астар (көне грекше: intima; лат. - intimus- — ішкі, астар) - қан (артериялар, веналар, артериолалар, венулалар, капиллярлар) және лимфа (лимфа капиллярлары, әкелгіш және әкеткіш лимфа тамырлары, лимфа өзектері) тамырларының ішкі қабығы. Артериялар астары, яғни интимасы үш қабаттан: ішкі — эндотелий қабатынан, ортаңғы — эндотелийасты қабатынан және сыртқы — ішкі эластинді жарғақтан құралған. Ал қалған тамырлардың (веналардың, артериолалардың, венулалардың, капиллярлардың, лимфа тамырларының) интимасы тек екі қабатган тұрады. Оларда ішкі эластинді жарғақ болмайщы. Лимфа капиллярлары мен жіңішке лимфа тамырлары интимасында, эндотелий мен эндотелийасты қабаттарының шекарасында негіздік жарғақ болмайды. Веналар мен лимфа тамырларының интимасында тек жүрекке қарай ашылатын қалташа қақпақ шалар (клапандар) болады.[1]