АҚШ тәуелсіздік күні
From Wikipedia, the free encyclopedia
АҚШ тәуелсіздік күні (ағылш. US Independence Day) — АҚШ-тың Ұлыбритания Патшалығынан тәуелсіздігін жариялайтын 1776 жылғы АҚШ тәуелсіздік декларациясының қабылдануы. Жыл сайын бұл күн Америка Құрама Штаттарында 4 шілде күні тойланады, сондай-ақ бұл күн АҚШ-тың мемлекеттік мейрамы болып есептелінеді.
АҚШ тәуелсіздік күні | |
---|---|
Отшашулардың көрсетілімі, 1986 жылы Вашингтон Монументінің үстінде, жыл сайын АҚШ тәуелсіздік күнінде өтеді. | |
Басқаша аталуы | Шілденің төртісі |
Қайда өткізіледі | АҚШ |
Түрі | Ұлттық |
Күн-айы | 4 шілде |
Мейрамдауы | Отшашулар, отбасының жиналуы, концерттер, барбекю, пикниктер, парадтар, бейсбол ойындары |
Тәуелсіздік күні АҚШ-тың азат, әрі тәуелсіз ел ретіндегі туған күні болып саналады. Америкалықтардың көпшілігі бұл күнді күніне қарап атайды — «Шілденің төртісі». Бұл мейрамда отшашулар атылады, парадтар, барбекю пісіру, карнавалдар, жәрмеңкелер, пикниктар, концерттер, бейсбол ойындары, отбасылық кездесулер өткізіледі, сондай-ақ билік адамдары халыққа жолдау жоддайды, әртүрлі рәсімдер өткізіледі. Тәуелсіздік күні — бұл АҚШ-тың ұлттық мейрамы.[1][2][3].