From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақсай — Батыс Қазақстан облысындағы қала, Бөрлі ауданының орталығы, темір жол стансасы.
Қала | |||
Ақсай | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Статусы |
аудан орталығы | ||
Облысы | |||
Ауданы | |||
Әкімі |
Нұрлан Ноғаев | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
51°10′01″ с. е. 53°00′55″ ш. б.51.16694° с. е. 53.01528° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1936 | ||
Бұрынғы атаулары |
"Қазақстан" кенті | ||
Қала статусы |
1967 | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
36 352[1] адам (2023) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 71133 | ||
Автомобиль коды |
07 | ||
Ақсай шекарасы
|
Облыс орталығы - Орал қаласынан шығысқа қарай 108 км-дей жерде, бетеге мен селеу өскен қоңырқызғылт топырақты, құрғақ дала белдемінде, Шыңғырлау өзенінің солтүстік далалық өңірінде орналасқан.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 36293 адамды (17477 ер адам және 18816 әйел адам) құрады.[2]
Іргесі 1936 жылы Орал - Илецк темір жолын салуына байланысты қаланған. Басында “Қазақстан” болып аталып, бұл кент 1967 жылы қала мәртебесін алып, аты Ақсай болып өзгертілді. 1965 жылдан бастап Бөрлі ауданының орталығы. Қарашығанақ кені игеріле басталуы қала дамуына жаңа қарқын берді. 1980 жылдар бойы Герман Демократиялық Республикасы мен Чехословакиядан құрылысшылар келіп, Қарашығанақта газ өндірісіне қажетті қондырғылар салды. Ақсай да шет қалмай, бірнеше шағын аудан, мектеп, балабақша, ойын-сауық орталықтары салынды.[3]
Ақсай қаласында машина-трактор жөндеу, темір-құйматас бұйымдарын жасау зауыттары, автобаза, астық қабылдау пункті, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, темір жол көлігі кәсіпорындары, нан зауыты, элеватор жұмыс істейді.
Орта мектептер, кітапханалар, аурухана, кинотеатр бар. Қалада 6 орта мектеп бар. Тұрғындар облыс орталығымен, жақын аудандармен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны орналасқан.[4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.