Ақтөбе облысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан облысы. Территориясы бойынша ең үлкен облыс.
Қазақстан облысы | |||
Ақтөбе облысы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облыс орталығы | |||
Аудандар саны |
12 | ||
Ауылдық округтер саны |
134 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
8 | ||
Ауыл саны |
315 | ||
Әкімі | |||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
50°17′ с. е. 57°10′ ш. б.50.283° с. е. 57.167° ш. б. / 50.283; 57.167 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
300 629 км² (1-ші орын) | ||
Уақыт белдеуі | |||
Экономикалық ауданы | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
▲ 928 185[1] адам (2023)(7-ші орын) | ||
Тығыздығы |
3,1 адам/км² (14-ші орын) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 84,29% | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 713 | ||
Пошта индекстері |
03xxxx | ||
Автомобиль коды |
04 | ||
ISO 3166-2:KZ коды |
KZ-AKT | ||
Басқалары | |||
Әкімдіктің мекенжайы |
Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, №40 | ||
Ортаққордағы санаты: Ақтөбе облысы |
Солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қостанай облысымен және оңтүстік-шығысында Ұлытау мен Қызылорда облыстарымен шектеседі.
Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.