Байұлы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Байұлы — Алшын тайпасынан тарайтын рулар бірлестігі. Шежіре бойынша, Алшын тайпасынан тарайды және Кіші жүз құрамына кіреді.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b1/%D0%A1%D0%B8%D1%8B%D0%B8.png/220px-%D0%A1%D0%B8%D1%8B%D0%B8.png)
Байұлы рулар бірлестігі мен ежелгі байырқу тайпасы арасында еш байланыс жоқ.
Ноғай ордасы ыдыраған кезде алшын, алтыауыл, жембойлық ноғайлының басты жұртының бірі тамалармен бірге қазақ хандығының құрамына енген Байұлы жайлы деректер 18 ғасырдың 1-жартысынан бастап орыс әкімшілігінің құжаттарында жиі ұшыраса бастады. Оны 12 ата Байұлы (қайсыбір тізімдерде 13 ата) деп көрсетеді. Байұлы құрамына Шеркеш, Ысық, Алтын, Есентемір, Байбақты, Беріш, Адай, Жаппас, Тана, Алаша, Масқар, Таз, Қызылқұрт рулары енеді.[1]