![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/66/Scanning_Electron_Micrograph_of_a_Flea.jpg/640px-Scanning_Electron_Micrograph_of_a_Flea.jpg&w=640&q=50)
Бүрге
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бүрге (Aphanіptera)[1] — буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Олардың дүние жүзінде 2500 түрі, ал Қазақстанда 400-дей түрі бар. Бүргелер бор кезеңінен белгілі. Бүргенің түсі сары аладан қоңыр-қызғылт түстерге құбылып тұрады. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек және қарын бөлімдерінен тұрады. Басында екі көзі (кейбір түрлерінде көру органы мүлдем жоқ), соруға бейімделген аузы болады. Бас-көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары бар, артқы жұп аяғы секіруге бейімделген. Қарын бөлімі 7 — 8 сақинадан тұрады. Бүрге жұмыртқа салып көбейеді. Аналығы 3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді дернәсілдер пайда болады, оның сыртында сирек ұзын түгі немесе қылшығы бар. Дернәсілдері топырақтағы органик. қалдықтармен қоректенеді. Б-лер 3 жылдай тіршілік етеді. Қазақстанда ең зиянды адам Бүргесі (Pulex іrrіtans) адамның және жылқының, мысықтың, т.б. жануарлардың қанын сорады, сондай-ақ, алақұрт Бүргесі (Vermіpsylla alacurt) оба қоздырғышын ауру адамнан сау адамға, ауру малдан сау малға таратады. Тұрғын үйлердегі Бүргені құрту үшін инсектицидтер қолданады және тұрғын үй, қора-жай таза ұсталуы тиіс.[2]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/66/Scanning_Electron_Micrograph_of_a_Flea.jpg/320px-Scanning_Electron_Micrograph_of_a_Flea.jpg)