Виртуалды шындық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Виртуал шындық (ВШ, ағылш. virtual reality, яғни VR) — ақпарат технологиясы арқылы уақыт-кеңістік континиумы адам қалауына сай өзгертуден қалыптасқан жаңа жасанды елес әлемі. Ол "шындықтың" ішінде адам шынайы әлемге ұқсас, немесе одан мүлде өзгеше модельденген көп-мүмкіндікті тәжірибелерді бастан кешіре алады. Виртуалды шындық қолданбаларына ойын-сауық (әсіресе видеоойын), оқыту және жаттығу (мысалы медициналық, немесе әскери дайындық) және бизнес (мысалы, виртуалды кездесулер мен жиналыстар) секілділер кіреді. ВШ стиліндегі технологияның басқа ерекше түрлері ретінде Күшейтілген шындық (КШ) және Аралас шындық секілділерді айтуға болады, осы секілді "түрлі шындықтардың" біртұтас үйлесімі Ұлғайтылған шындық (ҰШ) деп аталады.[1]
Кезекте виртуалды шындықтың стандартты жүйесі ретінде Виртуалды шындық гарнитураларын (ВШГ), электронды көзілдіріктерді, немесе көп-жобалы жасанды орталарды (multi-projected environment) айтуға болады, олар шынайы кескіндерді, дыбыстарды және басқа сезімдерді жасап, пайдаланушының виртуалды ортадағы шынайы өмір сүруін симуляциялайды, сөйтіп ойын әсеріне және техникалық әсерлерге бөлейді. Виртуалды шындық жабдығын пайдаланған адам жасалымды (artificial) әлемді көре алады, оның ішінде қозғала алады, және виртуалды нәрселермен және мүмкіндіктермен әрекеттесе (interact) алады. Әдетте көз алдында шағын экраны бар, адам басына бекітілген дисплейден тұратын виртуалды шындық гарнитуралары арқылы түрлі әсерлер (effect) қалыптасады. Дегенмен, көп түрлі үлкен экрандары бар арнайы жобаланған бөлмелер арқылы да виртуалды шындық әсерін жасауға болады. Виртуалды шындық әдетте аудио және видео аңысын (кері байланыс, feedback) қамтиды, бірақ сонымен бірге хаптикалық (haptic, ұстау сезімі) технологиясы арқылы сезімдік және күштік аңысқа да мүмкіндік беріледі.
"Виртуалды шындық" ұғымында парадокс бар: логикалық пайымдау оны "қиял, иллюзия, ойжота, елес" деп есептеуге бейім болса, ол виртуалды шындық жағдайында сезім мүшелеріміз оны "шынайы" етіп Менге сезіндіреді, шындық ретінде қабылдайды. Әсіресе технологиялық мүлтіксіздену мен жетілудің арқасында виртуалды әлем мен шын әлемнің шекарасы барған сайын бұлдырап барады.[2][3]