Галатасарай
From Wikipedia, the free encyclopedia
Галатасарай футбол клубы (түр. Galatasaray Spor Kulübü) — Түркия біріншілігінде өнер көрсететін Ыстамбұл қаласының кәсіби футбол клубы.
Галатасарай | ||||
Толық атауы |
Galatasaray Spor Kulübü | |||
---|---|---|---|---|
Лақап аттары |
Turkish Barcelona (Түріктің Барселонасы), | |||
Құрылған жылы |
1905 | |||
Стадионы |
Түрік Телеком Арена, Ыстамбұл | |||
Сыйымдылығы |
52,652 | |||
Атқарушы директоры | ||||
Бас жаттықтырушы | ||||
Капитаны | ||||
Жарыс |
Супер Лига | |||
2018/19 |
1 | |||
Формасы | ||||
| ||||
1905 жылы құрылған клуб өз елінің 46 трофейін оның ішінде 19 дүркін Түркия чемпионатын,14 дүркін Түркия кубогын ,13 дүркін Түркия суперкубогын,УЕФА кубогын және УЕФА суперкубогын ұтқан.1959 жылдан бастау алатын Түрік Супер Лигасының барлық 55 сезонында ойнаған үш команданың бірі.2000 жылы УЕФА Кубогын және УЕФА Суперкубогын ұтып, Еурокубокты ұтқан алғашқы түрік клубы болып табылады.Айта кетерлігі, УЕФА кубогын турнирде еш жеңіліссіз жеңген болатын.Супер лиганың қатарынан 4 мәрте (1997, 1998, 1999 және 2000) ұтқан жалғыз футбол клубы.1999/00 сезонында клуб Супер лиганы, Түрік кубогын, УЕФА кубогын және TSYD кубогын ұтып алып сирек кездесетін жетістікке қол жеткізді.2001 жылдың қаңтарында «Әлемнің ең үздік клубы» атағын иеленген жалғыз түрік кубогы болып табылады.
Галатасрайдың жергілікті стадионы — Түрік Телеком Арена — 52,695 жанкүйерді сыйдыра алатын,«Гиннесс рекордтар кітабына» сәйкес футбол әлеміндегі ең шулы стадион (131.76dBA).,[1]
Галатасарайдың Ыстамбұл қаласынан шыққан ежелден бері келе жатқан бақталастары атап айтқанда: Бешикташ және Фенербахче бар, ал соңғысымен болатын дерби (Құрлықаралық дерби(түр. Kıtalar Arası Derbi)) футбол әлеміндегі ең үлкендерінің бірі болып табылады.
Галатасарай — Туиттер және Фейсбук әуелметтік желілерінде 10 миллионнан астам жанкүйерлері бар үш клубтың бірі.Клубтың шамамен 25 миллион (38% Түркиядан басқа елдер) жанкүйері бар.