Ескі татар тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ескі татар тілі (тат. İske Tatar ädäbi tele, يسكى تاتار تلى) - түркі тілдерінің бірі. Ескі татар тілінде XIII - XIX ғасырларда көптеген әдеби шығармалар жазылған. Жазуында араб әліпбиі қолданылған.
†Ескі татар тілі | |
Өз атауы: |
тат. İske Tatar ädäbi tele |
---|---|
Елдер: | |
Аймақтар: |
Еділ бойы |
Күйі: |
† жойылған тіл |
Жойылды: |
XIX ғ. |
Классификация | |
Санаты: | |
Жазуы: |
араб әліпбиі |
Тіл коды | |
ISO 639-1: |
— |
ISO 639-2: |
— |
ISO 639-3: |
— |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Ескі татар тілі Алтын Ордадағы көне түркі тіліне негізделген әдеби тіл ретінде қалыптасқан[1]. Әдеби тіл XII—XIV ғасырлардығы әдеби тілдің негізінде құрала бастаған деп есептеледі. Нағыз ежелгі татар тілі Қазан хандығының дәуірінде XV - XIX ғасырларда қалыптасқан[2]. Көптеген әдеби , жазу ескерткіштері осы күнге дейін сақталған.
Осы күнге дейін сақталған кейбір ежелгі татар тілінде жазылған шығармалар:
- «Кыйсса-и́ Йосыф» - Кул Гали,
- «Гулистан бит-тюрки» - Сейф Сараи,
- «Мухаббат-наме» - ал-Хорезми,
- «Хосров мен Ширин» - Кутба,
- «Нахдж ал-фарадис» - Махмуд ас-Сараи ал-Булгари,
- «Пайғамбарлар тарихы» - Рабгузи,
- «Тухваи-Марда́н» және «Нуры Соду́р» - Мухамедьяр т.б. [3]
XIX ғасырдың ортасына дейін бұл тіл кең қолданыста болған. 1905 жылы алғашқы татар халық тіліндегі газеттің шығуымен қолданыстан шыға бастаған.