Еуропий
From Wikipedia, the free encyclopedia
Еуропий (лат. Europium; Eu) — периодтық жүйенің ІІІ тобында орналасқан химиялық элемент Лантаноидтарға жатады. Ақшыл сұр түсті металл. Балқу t 826°С, қайнау t 1440°С. Атмосфералық н. 63, атмосфеалық м. 151,96. 1901 жылы Э.Демарсе Еуропий оксиді түрінде ашты.
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
күміс ақ, бозғылт сары реңкпен; бірақ оксидпен түссізденбестен сирек кездеседі
| |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
Еуропий, 63 | ||||||||||||||
Топ типі | |||||||||||||||
Топ, период, блок |
ІІІ, 6, f | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[Xe] 6s24f7 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 18, 25, 8, 2 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
180 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
198±6 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы |
(+3e) 95 (+2e) 109 пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
1,2 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
Eu←Eu3+ -1,99 В | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
0, +2, +3 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 547.1 кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
5,243 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
1099 К (826 °C) | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
1802 K (1529 °C) | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
9,21 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
176 кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық жылусыйымдылық |
27,656 Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
Молярлық көлем | |||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
Кубтық көлемдік орталықтанған | ||||||||||||||
Тор параметрлері |
4,581 Å | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 13,9 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Юнг модульі |
18.2 ГПа | ||||||||||||||
Жылжу модульі |
7.9 ГПа | ||||||||||||||
Пуассон коэффициенті |
0.152 | ||||||||||||||
Виккерс қаттылығы |
165–200 МПа | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7440-53-1 |
Еуропийдің екі тұрақты изотопы бар: 151Eu және 153Eu. Жер қыртысындағы Еуропийдің мөлшері 1,2·10-4%. Монацит, лопарит, эвксенит, фергусонит минералдарының құрамына кіреді. Тотығу дәрежесі +3, кейде +2. Ауада тез тотығады, бөлме температурасында сумен, минералды қышқылдармен әрекеттеседі.
Баяу қыздырса галогендермен реакцияға түседі. Еуропийді Eu2О3-ті вакуумда лантанмен тотықсыздандыру арқылы және EuСl3 балқымасын электролиздеп алады. Еуропий ядролық техникада нейтрондарды сіңіргіш, түрлі түсті теледидар люминофорының активаторы ретінде қолданылады. Еуропийді вакуумда не инертті атмосферада сақтайды.