Жұлдыз ядросы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жұлдыз ядросы — жұлдыздың ортасында орналасқан және оның жануын қамтамасыз ететін бөлігі, мұнда термоядролық реакциялар жүреді.
Бұл — жұлдыздың ең ыстық бөлігі. Ядроның температурасы кем дегенде 10 миллион Кельвин болу керек, себебі тек осы деңгейден бастап термоядролық реакциялар жүре алады.[1]
Ядрода түзілген энергия жұлдыздағы аралық аймақтардан өтіп, сырттағы фотосферадан жарық түрінде ғарышқа тарайды.