![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/99/Zambezi_river_basin.jpg/640px-Zambezi_river_basin.jpg&w=640&q=50)
Замбези
From Wikipedia, the free encyclopedia
Замбези - Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы 2660 км, су жиналатын алабы 1330 мың км². Бастауын Конго-Замбези үстіртінен, 1100 м биіктіктен алады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазына құяды.
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/99/Zambezi_river_basin.jpg/640px-Zambezi_river_basin.jpg)
Бастауынан Виктория сарқырамасына дейін 1200 км бойы Баротсе жазығын бойлап ағады. Луангинга саласының құйылысынан төмен қарай көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар кездеседі.
- Ең ірісі – дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі Виктория. Төменгі ағысында аңғары мен арнасы барынша кеңейеді (арнаның ені 5 – 8 км-ге дейін). Шире өзеніне қосылғаннан кейін Мозамбик ойпатын басып ағады да, құйылысында аумағы 8,0 мың км² болатын атырау түзеді.
- Негізінен, жаңбыр суымен молығады. Жазда тасиды. Қыс айларында су деңгейі күрт төмендейді. Жылдық орташа су ағыны 16000 м3/с. Ең ірі салалары Кафуэ мен Луангва. Замбези алабына Ньяса көлі де кіреді.
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9f/Zambezi_River_near_Zambezi_Town.jpg/320px-Zambezi_River_near_Zambezi_Town.jpg)
Өзен су қуаты қорына өте бай, бірақ оның шағын ғана бөлігі пайдаланылады.