Зенит (зауыт, Орал)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Орал «Зенит» зауыты – қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын кәсіпорын. 1941 жылы салынған. Бастапқы кезде бұл құпия қорғаныс кәсіпорны “231-зауыт”, “38-пошта жәшігі”, 1966 – 1991 жылы “К.Е. Ворошилов атындағы машина жасау зауыты” деп аталды. 1996 жылдан ашық акционерлік қоғам. Зауыт жанында “Зенит” мәдениет сарайы жұмыс істейді. Кәсіпорын 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, бірнеше мәрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болған. [1]