Инженер
инженерлік қызметті жүзеге асыратын маман / From Wikipedia, the free encyclopedia
Инженер — инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.[1][2] Инженер сөзі латынның ingeniare ("ойлап шығару, өнертапқыштық") және ingenium ("ақыл, дарын") сөздерінен алынған.[3][4]
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Инженердің жұмысы — ғылыми жаңалықтар және олардың адамзат қажеттілігі мен өмір сапасын жақсартуда қолданылуы арасындағы байланысты қалыптастыру.[1]