Ислам өнері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үндістанда мұсылмандық насихат, яғни үгіт іс-шаралары 711 — 713 жылдары жүргізілді. Үндістанды толық бағындырып, елдің мәдениетіне жаңаша бетбұрыс жасауға ықпал ету үшін халықты мұсылман дініне толықтай енгізу қажет болды. Бірақ мұсылмандар үнді мәдениет өнеріне айрықша әсер ете алмады. Сондықтан үнді-ислам өнеріндегі осы кезең, мұсылман халықтары мәдениетінің тарихында кездейсоқ құбылыс болып калды.
Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі |
---|
Архитектура |
Араб ·Әзірбайжандық |
Өнер |
Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер |
Киім әдебі |
Абайя ·Иқал ·Боубоу |
Мейрамдар |
Әдебиет |
Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық |
Ислам порталы |
Тұтас алғанда, ерте Ислам кезеңі, оған өкшелес Моғолдар кезеңі сияқты, үнді тарихының біртұтас құрамды бөлігі болып, сол кездегі мәдени дамуға ықпал жасады. Қалай болғанда да өнер саласында үнді-исламдық өзара ықпал өз жемістерін берді. Бұл кезде сәулет өнері біраз елеулі жетістікке жетті. Қолөнері өркендеп, гүлденді.