Калифорний
From Wikipedia, the free encyclopedia
Калифорний (лат. Californium; Cf) — Менделеевтің Периодтық кестесінің 7 периодына жататын химиялық элемент; актиноидтарға жататын қатты радиоактивті металл. Рет нөмірі - 98, атомдық массасы - 251,0796.
| |||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Калифорний күміс-ақшыл түсті радиоактивті металл ![]() | |||||
Атом қасиеті | |||||
Атауы, символ, нөмірі |
Калифорний, 98 | ||||
Топ типі | |||||
Топ, период, блок |
III, 7, f | ||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||
Электрондық конфигурация |
[Rn] 5f10 7s2 | ||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 18, 32, 28, 8, 2 | ||||
Атом радиусы |
295 пм | ||||
Химиялық қасиеттері | |||||
Электртерістілігі |
1,3 (Полинг шкаласы) | ||||
Тотығу дәрежелері |
+2, +3, +4, +5 | ||||
Иондалу энергиясы (бірінші электрон) | |||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||
Термодинамикалық фаза | |||||
Тығыздық (қ.ж.) |
15,1 г/см³ | ||||
Балқу температурасы |
1173,15 К | ||||
Қайнау температурасы |
1743 K (1470 °C, 2678 °F) | ||||
Молярлық жылусыйымдылық |
29 Дж/(K·моль) | ||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||
Тор құрылымы |
алтыбұрышты | ||||
Тор параметрлері |
a = 3,38, c = 11,03 Å | ||||
c/a қатынас |
3,26 | ||||
Басқа да қасиеттері | |||||
Моос қаттылығы |
3–4 | ||||
CAS нөмірі |
7440-71-3 |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/88/Californium.svg/640px-Californium.svg.png)
Californium (Cf)
Калифорнийді 1950 америкалық химик Г. Сиборг тобы (С.Томпсон, А.Гиорсо, К.Стрит) Берклидағы Калифорния университетінде ядролық реакция арқылы алған. Калифорния штатының атымен аталған. Калифорнийдің бірінші қатты қосылыстары — 249Cf2O3 и 249CfOCl 1958 жылы алынды.
Калифорнийдің изотоптарының бәрі де радиоактивті. Маңыздылары
251Cf (жартылай ыдырау мерзімі T1/2=900 жыл), 249Cf (T1/2=351 жыл), 250Cf (T1/2=13,08 жыл) және 252Cf (T1/2=2,645 жыл), сондықтан Калифорнийдің химиялық қасиеттері жоғарыдағы изотоптар көмегімен зерттелген.
Қосылыстарында үш валентті Калифорний тотығы Cf2О3, хлоридтері CfСІ3, CfОСІ алынып зерттелген.
Калифорний және оның қосылыстарының қасиеттері диспрозийге ұқсас.