Команда
From Wikipedia, the free encyclopedia
Команда (command, instruction) — 1) программалау тілдерінде — кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым. Құрамында операция нұсқауы, операндтардың адресі және басқа көмекші (жұмыс бапты) белгілер болады.