Кір жуғыш машина
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кір Жуғыш Машина– электрлі. Кірлеген бұйымдарды үй жағдайында жууға лайықталып шығарылады. Кірлеген бұйымдарды ерітінді арқылы жуу, шайқау (қарқынды түрде айналуға мүмкіндік жасайтын энергия бөлу) әдетте айналып тұратын қалақты дискі (активатор) немесе барабан арқылы жүзеге асады. Кір жуғыш машиналардың кірді сықпайтын (СМ типті); біліктің көмегімен қолмен сығатын (СМР типті); жартылай автоматты-дискілі активаторы және кірді сығатын центрифугасы бар екі бакты немесе жалғыз бакты барабанды (СМП типті); программамен басқарылатын автоматты (әдетте жалғыз бакты барабанды) (СМА типті) түрлері шығарылады. СМ және СМР типті, сондай-ақ екі бакты жартылай автоматты кір жуғыш машиналардың түбі көлбеу, еңіс келеді де, тігінен орналасқан бағы болады. Бактың түбіне немесе қабырғасына орнатылған дискілі активатор машинаның жұмыс органы болып табылады. Ол машина корпусының төменгі жағына орнатылған электродвигательдің күшімен (минутына 600—700 рет) айналады. Машинаның токқа қосылуы сөндіргіш немесе таймер арқылы жүзеге асады. Таймер тұтқасын белгілі бір уақытқа қойғанда, сәл уақыт өткен соң машина автоматты түрде тоқтайды. Кір суды шлангымен ағызып жібереді немесе насостың көмегімен сорғызып алады.