Мажар Кеңес Республикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мажар Кеңес Республикасы (маж. Magyarországi Tanácsköztársaság) — Мажарстандағы пролетариат диктатурасының мемлекеті. 1919 ж. (21 наурыз – 1 тамыз) өмір сүрді.
Мажар Кеңес Республикасы маж. Magyarországi Tanácsköztársaság Кеңестік республика РКФСР қуыршақ мемлекет | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Ұраны «Világ proletárjai, egyesüljetek!» | |||||||||
Әнұраны Интернационал (әнұран) | |||||||||
МКР аумағы қызыл түспен белгіленген | |||||||||
Астанасы | Будапешт | ||||||||
Тіл(дер)і | мажарша | ||||||||
Басқару формасы | Кеңестік республика | ||||||||
Сыртқы істер халық комиссары | |||||||||
- 1919 | Бела Кун | ||||||||
Президент | |||||||||
- 21 наурыз 1919 — 1 тамыз 1919 | Шандор Гарбаи | ||||||||
Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы | |||||||||
- 21 наурыз 1919 — 1 тамыз 1919 | Шандор Гарбаи | ||||||||
- 1 тамыз 1919 — 6 тамыз 1919 | Гиула Пейдл | ||||||||
МСР 1-дүние жүзілік соғыс кезінде Мажарстанда саяси экономикалық езгінің күшеюінен туған революция өрлеу нәтижесінде және Ұлы Қазан социалистік революциясының ықпалымен құрылды.
С.-д. партия мен Мажарстан Компартиясының (МКП) өзара бірігуі (21 наурыз) нәтижесінде ұйымдасқан Мажарстан социалистік партиясының (МСП) өкілдері үкімет басына келді. Сол күні МСР жарияланды.
Алғашқы үкімет – Рев.үкімет кеңесі (РҮК) құрылды.
Социал-демократ Ш. Гарбаи РҮК председателі болып тағайындалды. МКП негізін қалаушылардың бірі, шетел істері жөніндегі халық комиссары Б. Кун МСР-дің саяси басшысы болды.
22 наурызда В.И.Ленин МСР үкіметіне құттықтау жіберді, РҮК капит. кәсіпорындарды, шахталарды, қатынас должарын, банкілерді, жер иеліктерін мемлекеттік меншігіне айналдырды, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, балаларды тегін оқыту шарасын белгіледі.
Мажар Қызыл армиясын ұйымдастырды. Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің съезі (14-24 маусым) шақырылды, онда МСР Конституциясы қабылданды, республиканың Ортарлық Атқару Комитеті сайланды. Сәуірде Антанта МСР-ге қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды.
Елдің экономикалық жағдайы күрт нашарлады. РҮК-тегі кейбір социал-демократтар солқылдақтық жасап, оңшыл социал-демократ тарірікті сала бастады. Ал коммунистер мен оларға қосылған солшыл социал-демократтар жұмысшы табын күреске шақырды.
Алайда Антантаның шабуылы және ішкі оңшыл социалистердің қысымы салдарынан МСР үкіметі 1 тамызда орнынан түсті. МСР 133 күн өмір сүргенімен, оның мажар және халықар. жұмысшы қозғалысы үшін аса зор маңызы болды.