Мазһаб
шариғи құқықтық мектеп / From Wikipedia, the free encyclopedia
Мазһаб (араб. مذهب - араб тілінде «баратын жол», «лайықты көзқарас» мағыналарын білдіреді.) — Ислам тарихында пайда болған барлық саяси, сенімдік (итикадтық) және фикһтық (шариғат ғылымы, тәсілдері мен үкімдері), сонымен қатар амалдық (іс-әрекетке қатысты) пікір ағымдарын анықтайды.
Терминологияда мазһаб Ислам дінінің түрліше түсіндірілуі және іске асырылуынан пайда болған итикадтық және фикһтық қоғамдарды анықтайтын ұғым болып табылады. Негізінен, Ислам тарихындағы барлық мазһабтар саяси және итикадтық немесе фикһтық, фикһтық-амалдық мақсатта пайда болған. Белгілі бір тұлға немесе ғалымның тұжырымдары мен анықтамаларын қолдаған қоғамдар Құран аяттары мен хадистерді өз түсініктеріне арқау етіп алған.
Саяси, діни және амалдық түсініктеріне Ислам дінінен дәлелдер іздестірген. Барлық мазһабтар, қай мақсатта және қай себеппен шықса да, Құран мен сүннет түсінігіне арқа сүйейді. Десек те, олар осы екі негізгі қайнар көзді түрліше түсініп, әрқалай жорамалдаған. Мазһаб төртке бөлінеді: ханафи, малики, шафиит және ханбали. Тағы бір сүнниттік мазһаб — захириттік — жоғалып кетті десекте болады.Шииттер арасында көп таралған мазһаб Джафари мазһабы деп аталады.