Медиевистика
From Wikipedia, the free encyclopedia
Медиевистика[1] (латынша medіus — орта және aevum — ғасыр, дәуір) — Еуропаның орта ғасырлар тарихын зерттейтін ғылым саласы. Кезеңдерге бөлудің тарихнамада қабылданған жүйесіне сәйкес 5 — 17 ғ-лардағы Еуропа елдерінің тарихын қамтиды. Еуропадағы орта ғасырлар тарихы Рим империясының құлауынан (476) бастап, Англиядағы буржазиялық революцияның (1640) басталуымен аяқталады. Медиевистика Еуропадағы феодалдық қоғамның пайда болу, даму және ыдырау кезеңдерін зерттейді.