Метеорология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Метеорология (грек. meteora – атмосфера мен аспан құбылыстары және грек. logos – ілім) – атмосфера мен оның процестерін зерттейтін ғылым.
Метеорология атмосфераның құрамы мен құрылысын; жылу айналымын, жылу режимін, т.б. зерттейді.
Метеорология – Жер атмосферасы, оның құрылысы, қасиеттері және онда болып жатқан құбылыстар мен үдерістер туралы ғылым. Ол геофизикалық ғылымдарға жатады, өйткені онда физика заңдары негізінде Жер шарына тән физикалық үдерістердің белгілі бір санаттары зерттеледі.
Қазіргі метеорологияның міндеттері атмосфералық үдерістердің физикалық мәнін түсіндірумен ғана шектелмейді.Атмосфера физикасын тереңдете оқыту өзінің зерттеу нысандары бар бірқатар дербес ғылымдарды (ғылыми пәндерді)бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Мұндай ғылымдарға ең алдымен ауа райын және оны болжау әдістерін зерттейтін синоптикалық метеорология, қазіргі заманғы математикалық аппаратты кеңінен қолдана отырып, атмосфера физикасының теориялық мәселелерін зерттейтін динамикалық метеорология жатады.