Метеорологиялық ракеталар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Метеорологиялық ракеталар (Метеорологические ракеты) — атмосфераның метеорологиялық жағдайын айқындауға арналған ракета. Метеорологиялық ракеталардың қысымды, температура мен ылғалды өлшеуге арналған құралдары, сондай-ақ қабылдау пунктіне хабар жеткізуге арналған телеметрикалық құралдары бар контейнері болады. Ол берілген биіктікке дейін көтеріліп, парашютпен төмен түсіріледі.[1]