Мүйізтұмсықтар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мүйізтұмсықтар (лат. Rhinocerotidae) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы.
Мүйізтұмсықтар Қазбалық ауқымы: Eocene–Recent | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қара мүйізтұмсық (Diceros bicornis)
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Түрлері | ||||||||||||||
Ceratotherium |
Қазба қалдықтары палеоген кезеңінен белгілі. Сол кездегі олардың далалы алқаптарда және су жағалауларындағы батпақты жерлер мен тоғайлар арасында тіршілік еткен 200-дей түрі болған. Олардың 25-тей түрінің қаңқалары Қазақстанның палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінің геологиялық қатпарларының шөгінділерінен табылған. Қазір 4 туысына жататын 5 түрі бар: Суматра мүйізтұмсығы – Үндіқытай, Малакка, Суматра, Калимантан аралдарында, Бирма, Ассамда; үнді мүйізтұмсығы – Непал, Ассамда; қара мүйізтұмсық – Шығыс Африкада; ақ мүйізтұмсық – ОАР, Судан, Уганда, Орталық Африкада, Чадта тіршілік етеді. Ал Ява мүйізтұмсығы – қазір тек Ява аралында ғана сақталған.
Мүйізтұмсықтар тропиктік ормандар мен саванналарда тіршілік етеді. Дене тұрқы 2–5 м, салмағы 1–3,6 т-дай, ірі жануар. Терісі қалың, тықыр. Мұрнында және кеңсірігінде 1–2 (қара Мүйізтұмсықта 3 кейде 5) мүйіз болады, мүйізінің ұзындығы 40–60 см-дей. Аяқтары қысқа, мықты, үш ашалы. Құйрығы шашағы ұзын қылдардан тұрады. Көзі нашар көреді, бірақ иіс сезу органы жақсы дамыған. Жұбымен жүреді. Буаздық мерзімі 16–17 айға созылып, жалқы (өте сирек екі) төл туады. Төлі 2 жылға дейін енесін емеді. 50–60 жылдай тіршілік етеді. Мүйізтұмсықтардың жылдан-жылға саны азаюда. Барлық түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген[1].