Океания Футбол Конфедерациясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Океания футбол конфедерациясы — (ағылш. Oceania Football Confederation (OFC)) — Әлемдік футболдың алты құрлықтық конфедерацияларының бірі. Ол аймақтағы футболдың дамуын қадағалайды. Әлем чемпионаттарында қатысу үшін қауымдастық мемлекет құрамаларының арасында іріктеу турнирін өткізіп тұрады. Бұл конфедерация басқаларына қарағанда әлсіз болып келеді, 2010 жылдың желтоқсанында қауымдастықтың ең мықты құрама командасы, Жаңа Зеландия, ФИФА рейтингісінде 63 орында тұрды, ал екінші үздік құрама командасы, Фиджи, 152-ші орында тұрса, Американ Самоасы мен Папуа-Жаңа Гвинея басқа аймақтың құрама командаларымен соңғы, 0 ұпаймен рейтінгтің 203—207-ші орындарында тұрды.
Quick Facts Океания Футбол Конфедерациясы, Құрылуы ...
Океания Футбол Конфедерациясы | |
---|---|
Құрылуы | 1966 жылдың 15 қарашасы |
Түрі | Спорттық федерация |
Мүшелері | 16 ұлттық қауымдастық |
Ресми тілдері | Ағылшын |
Президент | Дэвид Чунг |
Бас мекемесі | Окленд |
Ресми торабы | http://www.oceaniafootball.com |
Close