Ағза
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ағза немесе Организм (гр. organon және лат. organіzo – келісті түрге келтіру) – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар. Ағза бірнеше деңгейден-жасушадан, ұлпадан, мүшелерден, мүшелер жүйесінен, бүкіл дене тұтастығынан тұрады.[1]
Құрылысы мен қызмет ерекшелігіне байланысты органдар жүйелері мен аппараттары:
- дене (сомалық),
- ішкі органдар (висцералды) және
- байланыстырғыш (интегралды) органдар жүйелері болып бөлінеді. Органдар жүйелер құрылысы әртүрлі, бірақ белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер (ағзалар) құрайды.
Құрылысына байланысты органдардың:
- қабатты (тері),
- түтікше (ішкі мүшелер) және
- паренхималы түрлері болады.
Организмнің құрылым бірліктері – жасушалар, ұлпалар (тіндер), мүшелер. Организмдер бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді. Бір жасушалы Организмдердің ішінде колониялы (шоғырлы) түрлері де бар. Мысалы, вольвокс, т.б. Әрбір жеке дарабастар да өз алдына жеке ағза болып саналады.[2][3]