Перм кезеңі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Перм — орталық Ресейдегі Перм деген өңірінің атымен аталған палеозой заманының ең соңғы кезеңі (299-251 млн жыл).
Перм кезеңі 299—251 млн ж. бұрын | |
[[Image:|240px]] | |
Кезең бойы атмосферадағы O2 орташа есесі | шам. 23 % көлемі[1] (заманауи деңгейден 115 %) |
Кезең бойы атмосферадағы CO2 орташа есесі | шам. 900 ppm[2] (индустрияландыру алдындағы деңгейден 3 рет көп) |
Кезең бойы жер бетінің орташа қызымы | шам. 16°C [3] (заманауи деңгейден 2°C жоғары) |
Перм оқиғалары Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу -300 — – -295 — – -290 — – -285 — – -280 — – -275 — – -270 — – -265 — – -260 — – -255 — – -250 — Перм басты оқиғаларының шамаланған шәкілі. Тік білік: бірнеше миллион жыл бұрын. |
Бұл кезең солтүстік жартышардағы кең тараған құрылықтық жағдайлармен және оңтүстік жартышардағы мұзданудың байтақ сипатымен жиі белгіленеді. Көптеген хайуанат пен өсімдік топтары, оның ішінде ругозды коралдар (Rugosa), трилобиттер (Trilobita) және бластоид ине терілілер (Blastozoa) өмір тарихындағы ұлы дағдарыстардың бірі болып саналатын перм кезеңінің соңында жаппай қырылу барысында жоқ боп кеткен. Фузулин мен гониатит фацияларының шектеулі таралуы және бейтеңіз шөгінділердің кең дамығаны перм жүйесінің көптеген әр-түрлі аймақтық бөлімшелеуіне әкеп соқты.
Мысалы Қазақстанның геологтары Орыс платформасы мен Оралдың негізінде Перм кезеңін астыңғы пермге кіретін әсел, сақмар, артинск, күнгір және үстіңгі пермге кіретін уфа, қазан, татар деп жеті қабатқа бөледі.
Халықаралық стратиграфия комиссиясы перм кезеңін тоғыз ғасырға бөледі: Орал дәуірін құрайтын әсел, сақмар, артинск, күнгір ғасырлары, Гуадалупа дәуірін құрайтын роуд, уөрд, капитан ғасырлары және лопиң дәуірін құрайтын укиапиң мен шаңсиң ғасырлары.
Перм жүйесі, перм дәуірі — палеозой дәуірінің ақырғы кезеңі.
Ұзақтығы 48 млн. жылды қамтиды, 299 млн. жыл бұрын басталып, 251 млн. жыл бұрын аяқталған.
Перм жүйесін алғаш ағылшын геологы Р.Мурчисон (1792 — 1871) Батыс Орал бойынан (бұрынғы Перм губерниясының аумағында) бөліп, губерния атымен атады. Геологиялық картаға 1841 Г.П. Гельмерсен түсірген. Перм жүйесі екі бөлімге жіктеледі (кестені қ.).
Перм жүйесі — Жер жүзінде герцин қатпарлықтары нәтижесінде жаралған таулардың көтерілген, теңіздердің шегінген, климаттың айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған уақыты. Орталық Еуропада Орал — Таң-Шаң, Сарыарқа — Алтай, т.б. қатпарлы таулары түзілді. Қатпарлықтар Арал маңын, Батыс Сібірді, т.б. шарпыды. Тау етектері мен жота арасындағы ойыстар тау сілемдерінің бұзылып-шайылуынан жаралған қалың моласса текті шөгінділерге толды (мысалы, Орал бөктері, Теңіз, Жезқазған, Шу, Қарағанды, Зайсан, т.б. ойыстар). Қатпарлы құрылымдардағы қатпарлықтарда (мысалы, Жоңғар — Балқаш, Іле синклинорийі, Шатқал — Талас, т.б.) жарылыстарды бойлай жанартаулар атқылап, жанартаутекті тау жыныстардың қалың қабаттары жиылды. Жарылыстар бойында көптеген интрузия денелері кристалданып нығайды. Перм жүйесінде Жер бетіндегі климаттық белдеулер нақтылы айқындалды (мысалы, Орта Азия мен Сарыарқадан Қытайға дейінгі кең өлкені шөл басты). Бастапқы Перм жүйесі заманында экваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай климаттық белдеулер жіктелді. Бір қалыпты ылғал алқаптар Қазақстанда,Моңғолияда, Қытайда және Қиыр Шығыста басым болған.