Пиза мұнарасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Пиза мұнарасы (итал. Torre pendente di Pisa) — 12-14 ғасырлардағы Италиядағы роман-готика архитектурасының ескерткіші. Пиза мұнарасы Пиза қаласында орналасқан. Мұнара дүние жүзіне “құлағалы тұрған мұнара” атағымен белгілі. Мұнараның құлай бастауы 1173 — 74 жылдары арх. Боннанның алғашқы үш қабатын салған кезінен басталды. 1275 жылы арх. Джованни ди Симони құрылыс жұмыстарын қайта жаңғыртып, бесінші қабатқа дейін көтерді. 1350 жылы арх. Томазо ди Андреа мұнара құрылысын аяқтап, қола шатырмен жапты. Осылайша Пиза мұнарасы сегіз бұрышты, 11 м биіктіктегі негіз үстіне орнатылған балкондары бар, 6 қабаттан тұратын қоңыраулы мұнараға айналды. Бірінші қабаты тұтас қабырғалардан тұрады. Ал үстіңгі алты қабаты аркада әдісімен, колонналармен әшекейленген. 1964 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мұнараны қисайған қалпында құлатпай ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар атқарылуда.
Пиза мұнарасы | |
Torre di Pisa | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Орналасуы |
Пиза, Италия |
Құрылысы басталды |
1173 |
Құрылысы аяқталды |
1360 |
Биіктігі |
56,7 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Қабаттар саны |
8 |
Картада орналасуы | |
Мұнара ең аласа нүктесінің биіктігі жер бетінен 55,86 м болса ең биік нүктесі - 56,7 м. Табанының ені 4,09 м ал төбесінікі - 2,48 м. Массасы 14453 т. Қазіргі көлбеулігі 5 ° [1]. (4,9 м-ге жуық вертикаль бағыттан ауытқыған). Мұнарада 294 баспалдақтары бар.