Полиция
From Wikipedia, the free encyclopedia
Полиция (ағылш. police; гр. politeia —мемлекеттік істерді басқару; басқарма;фр. Police, от көне грекше: ἡ πολιτεία — мемлекет, қала) — қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу, мемлекет пәрменін орындату, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қорғау міндеттері жүктелген мекемелер мен лауазымдардың және әскерилендірілген жасақтардың жиынтық атауы.
16 — 17 ғасырларда Еуропа елдерінде қоғамдық тәртіпті сақтау органдары Полиция деп аталды. Ресейде “Полиция” термині 18 ғасырдың басында қолданылды. 1718 жылдан бастап Ресей қалаларында ген.-полицмейстер лауазымы белгіленді. Нәтижесінде Полиция департаментіне бағынатын орт-тандырылған, тұтас Полиция органдарының жүйесі пайда болды. Полиция департаменті 1917 ж. жойылды.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін милиция органдарының атауы Полиция болып өзгертілді. ҚР ішкі істер органдарының жүйесінде әкімшілік, криминалдық, әскери, көші-қон, жол, күзет Полициялары бар. Қаржы Полициясы өз алдына органдар жүйесін құрайды.[1]