Рамазан (ай)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рамазан (араб.: رمضان – рамадан, ислам күнтізбесінің 9-айы) — Һижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылмандар бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Рамазан сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді, яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.[1]