Тама
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тама — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Негізгі жері Ақтөбе, Орал облыстары, Ресей Федерациясының Орынбор облысы. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында және Жамбыл облысының Сарысу ауданында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында тамалар шоғырлана орналасқан. Орыс деректемелерінде тама руы туралы алғаш рет 1748 және 1762 жылдарда айтылады. Ол жөнінде А. И. Тевкелевтің тізімінде және П. И. Рычковта, сонымен қатар Ларионовтың рапортында да кездеседі.
Тама | |
---|---|
Тарақ, әліп, көсеу | |
Ұраны | Қарабура |
Лақап атауы | {{{лақап_атауы}}} |
Шығу тегі | {{{шығу_тегі}}} |
Жүзі | Кіші жүз |
Тайпасы | Жетіру |
Бөлімдері | Құрақ Жабал Жөгі Құрақ Есенгелді |
Тараулары | Дәулеткелді Аташал Жәнеке |
Ақсақалы | {{{ақсақалы}}} |
Қыстаулары | {{{қыстаулары}}} |
Жайлаулары | {{{жайлаулары}}} |
Веб-торабы | {{{торабы}}} |
Бұл рудың неғұрлым ертеректегі тарихын анықтау үшін, біздің ойымызша, Рашид ад-диннің моңғол тайпаларының ішінде баргубурут бөлімдерінің бірі Енисейдегі қырғыздар арасында мекендеген тума (тумэте) болғаны туралы мағлұматы қызықтырарлық болып табылады. Жорамал ретінде бұл тума - тама руының ата-бабалары болып табылады деп санауға толық мүмкіндік береді. Және де бұл арада мәселе үндестікте болып отырған жоқ, қайта туманың қазіргі қырғыздарда да, наймандар арасында да кездесетіндігінде болып отыр. Қырғыздың сару тайпасы арасында ахынай (ақынай) руы бар, оның тегі қазақтардан шыққан делінеді. Шынына келгенде, қазақтың тама руында да ахынай бөлімшесі бар. Тумалардың әлдебір бөлігінің дербес ру ретінде алшындар құрамына енуі әбден мүмкін.
Тама руының шежіресін қарастыра келгенде, біз онда әліп және жөгі деген екі тармақ бар екенін көреміз. Рудың таңба белгісі: қос әліп (архив деректері, Гродеков, Мейер және басқа деректемелер бойынша). Тамалар таңбасы қазақтың қыпшақ тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоқ екенін атап өту керек. Оның үстіне Тама руы ертедегі қыпшақтардың ежелгі жерінде, яғни Оңтүстік Оралда, Жайық және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысында үнемі мекендеп келген.
XIV-XVI ғасырларда батыр Шора бастаған тама тайпасы Дешті-Қыпшақта, Қазан хандығының, Ноғай ордасының саяси өмірінде зор рол атқарды. Осының бәрі тамалардың Дешті-Қышпақпен тығыз байланысын, олардың қыпшақтармен этникалық жағынан туыс екенін көрсетеді. Тама руының ұраны «Қарабура».