Таухид
From Wikipedia, the free encyclopedia
Таухид (араб.: توحيد – Құдайды бір деп білу, Құдайды ерекшелеу) — Ислам дінінде Аллаһтың бірлігіне сенім келтіру, Аллаһты бір деп білу, Аллаһты ерекшелеу.
Бұл мақаланың бейтараптығын тексеру қажет. Пікірталас барысын талқылау бетінде қараңыз. Бұл хабарды талқылау шешілгенше дейін аластамаңыз. |
Ислам діні бойынша, Алла тағала адамзатты таухид үшін жаратты, яғни тек Бір Өзіне ғибадат ету үшін жаратты.
Дәлел, болып Алланың Құрандағы Аз-Зарият сүресінің 56-аятында айтатын сөздері:
"وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ".
Түсіндірме аудармасы: "Мен жындар мен адамдарды тек Бір Өзіме ғибадат ету үшін ғана жараттым".[1]
Сондықтан, әрбір адам үшін таухид осы дүниедегі өмірдің ең басты мақсаты болып табылады.
Аса Ұлы әрі Құдіретті Аллаһқа деген иманның мәні жүректің келесі нәрселерге кәміл, күмәнсіз сенуі болып табылады:
• тек Аллаһ қана жалғыз Раббы болып табылады;
• тек Аллаһ қана құлшылыққа лайықты жалғыз Құдай болып табылады;
• тек жалғыз Аллаһ қана құдайлық есімдер мен сипаттарға ие болып табылады.
Бірқұдайшылықтың — таухидтың бүкіл мәнін қамтитын жүректің осы үш сенімі тұтас алғанда бүкіл дін дәл соның үстіне мығым етіп құрылған негіз болып табылады.
Ислам — бұл саф-таза (кәміл) бірқұдайшылық діні, өйткені ол Аллаһ қана бүкіл болмысты басқарады әрі ешбір серіктер мен көмекшілерсіз жалғыз Өзі ғана Өзінің іс-амалдарын атқарады деген, әрі Ол жалғыз Өзі ғана құдайлық болмысқа және құдайлық есімдер мен сипаттарға ие деген, әрі Оған ұқсас әрі тең ешкім және ешнәрсе жоқ деген, әрі сондай-ақ тек жалғыз Ол ғана құдай ретінде дәріптеп сиынуға және құлшылық етуге лайықты және Оған осыда тең ешкім жоқ деген сенімге негізделеді.[2]