Тіршілік
материяның тіршілік етуінің белсенді формасы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Тіршілік дегеніміз биологиялық процестерді жүргізе алатын тірі материяны тірі емес материядан бөлетін қасиеттер жиынтығы және сол процестің өзі. Тіршіліктің құрылым, гомеостаз, метаболизм, бейімделу, өсу, көбею және стимулдарға жауап беру сияқты ерекше белгілері бар.[1][2][⇨] Тіршілік көптеген пішінде кездеседі, мысалы бактериялар, жануарлар, өсімдіктер, т.с.с. Тіршілікті зерттейтін ғылым биология деп аталады.
Мына мақаланы не бөлімін Өмір дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Жердегі тіршіліктің негізгі бірлігі ― жасуша, тұқым қуалаушылық бірлігі ― ген. Жасушаның екі түрі бар: прокариоттық және эукариоттық, екеуі де мембранамен қоршалған, ішінде ақуыздар мен нуклеин қышқылдары сияқты биомолекулалар бар цитоплазмадан тұрады. Жасушалар жасуша бөлінуі процесі арқылы көбейеді. Бұл процесте ата-аналық жасуша бөлініп, өз генетикалық материалын пайда болған туынды жасушаларға береді.