Төрткіл тау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Төрткіл тау (ағылш. mesa) - жайпақ бетті, тік (жоғары бөлігі тік жар), кейде сатылы, беткейлі таулар. Жайпақ беті бұзылу процесіне берік горизонталь жатқан октас, трап және құмтастан тұрады. Төрткіл тау эрозиялық процестер әсерінен қалыптасады. Мұндай оқшауланған тау жұрнақтары Африканың біршама көтеріңкі тегіс жазықтарының шеткі өңірлерінде, Қазақстанның Торғай, Маңғыстау, Үстірт және Бетпақдала өлкелерінің шеткі жағында кездеседі.[1]