Уақыт белдеуі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Уақыт белдеуі — бүкіл Жер бетін меридиан бойынша 24 сағаттық белдеуге бөлуге негізделген уақытты есептеу жүйесі; сағаттық белдеу ішіндегі ортаншы меридианның жергілікті зайырлық уақыты. Белдеулер Гринвич меридианынан бастап шығысқа қарай әрбір 150 бойлық бойынша саналады. Ал Гринвич арқылы өтетін нөлдік меридианды нөлінші белдеудің орта меридианы деп есептеуге келісілген. Әр меридиандағы орынның өзінің жергілікті уақыты бар. Мысалы, Алматы, Тараз, Шымкент қалалары әр меридианда орналасқан, олардың жергілікті уақыттарында бірер минуттық айырма бар. Бірақ олардың бәрінде де бірдей белдеулік уақыт (5-белдеулік) қолданылады. Ыңғайлы болу үшін сағаттық белдеулердің шекаралары дәл меридианның бойымен емес, мемлекеттік не әкімшілік шекараларымен, өзен, суайрық бойымен, т. б. жерлермен жүргізіледі. Белдеулік уақыт тұңғыш рет АҚШ-та 1883 ж., ал КСРО-да (оның ішінде Қазақстанда) 1919 жылы 1 шілдеде енгізілген. Қазақстан аумағын 2 сағаттық белдеу (5-ші және 6-шы) алып жатыр. Табиғи жарықты тиімді пайдалану және электр энергиясын үнемдеу мақсатымен 1930 жылы 16 маусымда КСРО Халкомдары кеңесінің қаулысы бойынша Кеңес Одағының барлық жеріндегі сағат тілі 1 сағат ілгері қойылған. Осыған сәйкес 5-сағаттық белдеудегі Астана, Алматы сияқты қалалардың бәрі көршілес 6-сағаттық белдеудің уақытын пайдаланды.[1] 1 наурыз 2024 жылдан бастап Қазақстан бірыңғай UTC +5:00 уақыт белдеуіне өтті.