Халықаралық электр байланысы одағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭБО) (ағылш: International Telecommunication Union (ӀТО)) — деректер таратудың әмбебап стандарттарын бекітетін халықаралық ұйым, телекоммуникация және радио саласындағы ұсынымдарды айқындайтын, сондай-ақ радиожиіліктерді халықаралық пайдалану мәселелерін реттейтін халықаралық ұйым (радиожиіліктерді тағайындаулар бойынша және мемлекеттер бойынша бөлу).
Халықаралық электр байланысы одағы | |
ағылш. International Telecommunication Union | |
Мүшелік: |
193 мемлекет |
---|---|
Басшылары | |
Бас хатшы |
Чжао Хоулинь |
Құрылуы | |
Құрылды | |
http://www.itu.int | |
Халықаралық электр байланысы одағы Ортаққорда |
1865 жылы Халықаралық Телеграф одағы ретінде құрылған, 1947 жылдан бастап БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылады. ХЭБО-на 193 ел және секторлар мен қауымдастықтар (ғылыми-өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік және жеке байланыс операторлары, радиохабар компаниялары, өңірлік және халықаралық ұйымдар) бойынша 700-ден астам мүше кіреді.[1]
Бұрын International Telegraph and Telephone Consultative Committee (телефондау және телеграфтау бойынша халықаралық кеңесші комитет) деп аталған. Әлемнің түрлі елдеріндегі телекоммуникациялық компаниялар мен ұйымдар ХЭБО мүшесі болып табылады.[2]