Шоқжұлдыз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шоқжұлдыздар — аспан сферасындағы астроном-ғалымдармен бөлінген, бағытталуға көмек беретін аймақтар. Баяғыда шоқжұлдыз деп белгілі бір жарық жұлдыздармен пішін жасап тұрған аспан денелерді атаған. Аспанда жұлдыздар өте көп, оларды табу ыңғайлы болу үшін 1922 жылы алғашқы Халықаралық Астрономиялық құрылтайда астрономдар ресми түрде жұлдызды аспанды 88 жұлдыздық топтарға бөліп, шоқжұлдыздар деп атады. Олардың 32 шоқжұлдызы солтүстік жарты шарда, 48 шоқжұлдызы оңтүстік жарты шарда және 8 шоқжұлдызы екі жарты шарда орналасқан. Қазіргі таңда аспаннан 88 шоқжұлдызды көруге болады. Бұлар - шоқжұлдыздар. Вавилон, Мысыр, Қытай және Грекияның алғашқы астрономдары жұлдыздарды қарастырған кезде олардың кейбірінің жануарларға немесе аңыз-әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған. Сөйтіп, оларға Торпақ (өгіз) немесе Персей (грек кейіпкері) деген сияқты атаулар берді. Кейіннен Телескоп сияқты өзге шоқжұлдыздар табылып, ат қойылды.
Шоқжұлдыздар белгілі бір пішін жасап,бірге қозғалғанымен олар әртүрлі қашықтықта әрі бір-бірінен тым алыс орналасқан. Біз аспан күмбезінің солтүстік жартышарындағы жұлдыздарды ғана көре аламыз, ал оңтүстік жартышардағы жұлдыздарды көруіміз үшін Антарктидаға сапар шегуіміз керек. Дегенмен де осы екі жарты шарды жалғастырып жататын шоқжұлдыздар да бар. Тек олардың саны санаулы ғана. Көптеген шоқжұлдыздарды осыдан 2000 мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш тапқан Қытай мен вавилонның астрономдары еді. Жұлдыздар ежелгі ғалымдардың қызығушылығын туғызды, бірақ телескоптар жоқ болғандықтан, олар көзге көрінетіндерге ғана атау берді. Шоқжұлдыздардың пішіндері мен өлшемдері әр түрлі болып келді. Егер шоқжұлдыздарды құрайтын жұлдыздары сызықтармен біріктірілмесе, аты берілген жануарды немесе заттарды тану әрдайым мумкін бола бермейді. Кейбір шоқжұлдыздардың екі немесе одан да көп атауы бар. Ежелгі гректер Орион шоқжұлдызын Аңшы шоқжұлдызы деп атаса, ежелгі мысырлықтар Осирис деп атаған.