Қазақ ұлттық киімдер тігуге пайдаланған маталар
From Wikipedia, the free encyclopedia
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде Орта Азияны мекендеген халықтар көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көше бастады. Таза мал шаруашылығымен айналысатындары әлі де болса жартылай отырықшылық, жартылай көшпелі өмір салттарын сақтап қалды.
Қазан революциясына дейінгі деректерге көшпенді халықтардың киім тігуге пайдаланған маталарын зерттеген жазба деректер көрініс таппаған. Қашқардан Орталық Азияға әкелінген маталар жөнінде Ш. Уалихановтың күнделіктері мен сызбаларында толық баяндалған. Бұдан басқа бағалы деректерді түрік халықтарының сөздігінен табуға болады. Көшпенді халықтардың киімдері және оны тігуге пайдаланған маталар жөнінде материалдар Мәскеудің тарих және Орта Азия мемлекеттерінің мұражайларында сақталған. Мұражайлардағы киімдердің сызбалары мен суреттерінен де оның қандай матадан тігілгенін аңғаруға болады.