Қарта
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарта – жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Жылқы сойғанда ең алдымен қартаны ішіндегісінен босатып, айналдырады да, салқын суға жуып тазалайды. Содан кейін оның ішіне майлы еттерді тығады. Етті дәміне келтіру үшін тұздайды, бұрыш сеуіп, пияз турап қосады. Қарталы айналдырып болған соң ішектің екі ұшын істікпен түйреп, жіппен қосақтап байлайды. Бұдан соң ыстан сүрлеуге арналған қарталы бойына тұзын сіңіріп, салқын жерге (2—4 градус) 1—2 күн қояды. Қартаны 12—18 сағат бойы 50° жылылықта ұстап, түтінге ыстайды. Содан кейін 12—15° дәрежеде 2—3 күн сақтап кептіреді. Қартаны пісіру үшін салқын суға жуып, қазандағы 30—35° жылы суға салып, отты баяулатып әбден піскенше 1,5—2 сағат қайнатады. Қартаны асқан етке қосып береді.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/3/33/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0.jpg)