Қағба
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қағба (араб.: الكعبة – текше) — мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі орындағы тұңғыш ғимарат. Қасиетті үй, көне үй деп аталады. Меккедегі Әл–Харам мешітте (Қасиетті мешіт) орналасқандықтан "әл-бәй-түл-һарам" (қасиетті мешітте орналасқан төртбұрышты үй) деп те аталады. Діни аңыз бойынша — Алла Тағаланың уахиімен (тек пайғамбарларға келетін Алла Тағаланың аяндары) Ибраһим (ғ. с.) Пайғамбарға ұлы Исмаилмен бірге Зәмзәмнің жанынан Қағбаны көтеру бұйырылған.
Қағба | |
араб.: الكعبة | |
Ел |
Сауд Арабиясы |
---|---|
Статусы |
Исламның аса қастерлі орны |
Соғушы | |
Құрылысы |
605 — Құрайыштардың Кағбаны қайта құруы |
Картада орналасуы | |
Қағбаның солтүстік-шығыс қабырғасы 12,63 м, ал солтүстік-батыс қабырғасы 11,03 м, оңтүстік-батыс қабырғасы 13,10 м, оңтүстік-шығыс қабырғасы 11,22 м, ал биіктігі 13 м.
Жалпы көлемі 145 шаршы м болған тастан қаланған құрылыс үй. Үсті қара жамылғымен жабылған, жамылғы жыл сайын қажылық маусымында жаңартылып тұрады.Қағбаның "хатимге" қараған қабырғасының үстіңгі ортасында алтыннан жасалған ойық бар. Халық арасында "алтын ойық" деп аталып кеткен бұл ойықты арабша "Мизаб-и қағба" дейді.[1]