Құрмет ордені (Ресей)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Құрмет ордені (орыс. Орден почёта) — Ресей Федерациясы мемлекеттік марапаттарының бірі, кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін ресейлік және шетелдік азаматтарға беріледі. Орден 1994 жылдың 2 наурызында Президенттің 442-Жарлығымен қабылданған,[1] 2010 жылдың 7 қыркүйегінде статуты және сипаттамасы Президенттің 1099-Жарлығымен бекітілген.[2] Орден кеңестік Құрмет Белгісі орденінің ізбасары болып келеді.