Үлкен Каньон
Аризона, АҚШ-тағы ірі каньон / From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлкен Каньон (ағылш. Grand Canyon; Колорадо Үлкен Каньоны) — АҚШ-тың Колорадо үстіртіндегі Колорадо өзенінің аңғары. Дүние жүзіндегі ең терең өзен аңғарларының бірі. Әктас, құмтас және тақтатастан тұрады. Ұзындығы 446 км, тереңдігі 1600 м, ені үстірт үсті бойында 8 — 25 км, түбіне қарай 1 км-дей (жеке бөліктерінде 120 м) болады. Каньон шегінде Колорадо өзен ағысының жылдамдығы 25 км/с. Жер бедерінің өзіндік пішіндері кездеседі (“мұнара”, “қамал”, т.б.), тау жыныстары жалаңаштанған. Үлкен Каньонда Гранд-Каньон ұлттық саябағы құрылған.
Quick Facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Үлкен Каньон ағылш. Grand Canyon | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 446 км |
Орналасуы | |
36°05′26″ с. е. 113°14′23″ б. б.36.09056° с. е. 113.23972° б. б. / 36.09056; -113.23972 (G) (O) (Я) (T) | |
Ел | АҚШ |
Аймақ | Аризона |
Тау жүйесі | Колорадо үстірті |
Үлкен Каньон Ортаққорда |
Close