2013 жылғы жазғы Универсиаданың медальдар санағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
2013 жылғы 6 - 17 шілде күндері аралығында ресейлік Қазан қаласында өткен жазғы Универсиаданың медальдар санағы. 23 олимпиадалық және 4 олимпиадалық емес спорт түрінен 351 медальдар комплекті ойнатылды.
Универсиададағы алғашқы алтын медальға австралиялық Саманта Миллс 281,40 ұпаймен 1 метрлік трамплиннен суға секіруде қол жеткізді, күміс және қола медельдарға тиісінше қытайлық Цзя Дунцзинь және Ван Литин ие болды.
Ұйымдастырушы елдің алғашқы медальін 3 метрлік трамплиннен суға секіруде Евгений Кузнецов Универсиада чемпионы атанып алтын медальды олжады, қытайлық Линь Цзинь және Цинь Тянь тиісінше күміс және қола медальдарына қол жеткізді.