LTE
From Wikipedia, the free encyclopedia
LTE (ағылш. Long Term Evolution) — интернет қолданушыларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ететін мобильді интернеттің төртінші кезеңі. LTE технологиясы мәліметтерді алдынғы технологиялардың жылдамдығынан он есе артық жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді. Аталған технология Қазақстанда ALTEL 4G тауар белгісімен нарыққа шықты. [1]
LTE технологиясын жасаудағы мақсат:
- жоғары жылдамдықты ұялы байланыстың мүмкіндіктерін арттыру;
- құжат алмасу бағасын арзандату;
- құжат алмасудағы интернет жылдамдығын арттыру;
- қолданыстағы жүйені жақсарту;
- қолжетімді бағада басқа да қызметтерді ұсыну.
LTE технологиясының мүмкіндіктері:
- Мобильді телефондар арқылы бейнеқоңырау шалуға болады;
- Мобильді телефондарға арналған теледидарлар іске қосылады (мобильді журналисика күтіп тұр бізді);
- Интерактивті ойын ойнау, спутникті картаның жылдам ашу, жаңалықтардан бастап фильмдерге дейінгі видеоконтентті смартфон арқылы қарау;
- Ноутбуктар мен нетбуктарда HD форматындағы әндер мен фильмдерді жоғары жылдамдықты интернетпен жүктеуге болады.