MIDI
From Wikipedia, the free encyclopedia
MIDI (ағылш. Musical Instruments Digital Interface — музыкалық аспаптардың цифрлық интерфейсі) — электрондық музыкалық аспаптарды компьютермен және мультимедиалық программалық жасақтамалармен байланыстыру стандарты; үйлесімді электрондық музыкалық құрылғылар арасында музыкалық ақпаратты тізбектік түрде беру хаттамасы[1]. Оның пернелік музыкалық синтезаторды компьютерге қосатын интерфейсі және синтезатор көмегімен әуендерді жазатын, сақтайтын, түзететін, ойнататын ыңғайлы бағдарламалау тілі бар. Мәліметтер құрылғылар арасында дыбыс параметрлері (тон жоғарылығы, дыбыстың қаттылығы) өрнектелген MIDI-хабарламалар түрінде жеткізіледі. MIDI-файлдарды компьютердің кез келген дыбыстауыш тақталары ойната алады.